11.07.2022

Басты бет / Туристерге саяхат кезінде қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылу бойынша ұсыныстар

Туристерге саяхат кезінде қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылу бойынша ұсыныстар

Демалыстар мезгілі де келіп жетті. Адамдардың көбісі ұзақ сапарға дайындалуда. Алайда сапарға шығып, демалудан басқа, сіздің жеке деректеріңізді қорғауға байланысты қауіптер бар екенін еске салғымыз келеді.

Саяхат кезінде Wi-Fi желісіне қосылу барынша пайдалы қызмет. Интернетте онлайн болу жақындарыңызбен байланыста болып, әлеуметтік желілерде жарияланым жасауда ғана емес, такси шақыртуда, тамақ жеткізуге тапсырыс беруде қажет болады, сондай-ақ қажетті маршруттарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Алайда, қоғамдық Wi-Fi желісіне қосылу қашанда қауіпті екенін есте сақтағаныңыз жөн.

Қоғамдық қол жеткізу нүктелерінің көбісі қорғалмаған. Олар келушілер дәмханада, сауда орталықтарында және адамдар көп жиналатын басқа да жерлерде барынша ұзақ уақыт қалсын деген мақсатпен орнатылады.

 

Қандай деректерге қауіп төнеді?

Жария етулген сымсыз желі арқылы берілетін барлық ақпарат хакердің билігіне түседі. Зиянкестердің көпшілігі:

* электрондық пошталар мен чаттағы хабарламаларға;

* жіберілген файлдарға, мысалы, фотосуреттерге;

* құпиясөздер және басқа да құпия ақпаратқа;

* әр түрлі қызметтерге кіруге арналған деректерге қызығушылық танытады.

 

Қоғамдық Wi-Fi желілеріне қосылмауға кеңес береміз, алайда егер бұл қажет болса, жалпыға қолжетімді Wi-Fi желісін пайдалану кезінде мынадай кеңестерді ұсынамыз:

 

* Екі факторлы аутентификациясы бар қызметтерді пайдаланыңыз.

Екі факторлы аутентификацияның арқасында сіздің есептік жазбаңызға тек сенім берілген құрылғыдан ғана кіруге қолжетімділік беріледі.

 

* Вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды пайдаланыңыз.

Вирусқа қарсы заманауи шешімдер құрылғыңыздың вирустармен зақымдалу тәуекелін азайтуға көмектеседі.

 

* Пароль қойылмаған Wi-Fi-қосылуларына сенбеңіз.

Көбінесе зиянкестер пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлау үшін дәл осындай желілерді пайдаланады.

 

* Ешқашан құпия деректерді енгізбеңіз.

Жалпыға қолжетімді Wi-Fi желісі қауіпсіз бола бермейтінін болжап жүріңіз.

 

* Бөгде бағдарламаларды орнатпаңыз.

Wi-Fi желісіне қосылу үшін қосымша бағдарламалар, сертификаттар және браузердің кеңейтулері қажет болмайды, мұның бәрі хакерлердің айласы, олар Wi-Fi желісіндегі деректерге ғана емес, құрылғының қатқыл дискісіне қол жеткізу үшін де қолданады.

 

* Кіруді немесе жеке ақпаратты жіберуді өзіңіз сенетін веб-сайттар арқылы ғана жүзеге асырғаныңыз дұрыс.

Қауіпсіздік мақсатында әртүрлі сайтқа кірген кездегі әрбір қадамыңыз сайтқа кірген сәттен бастап жүйеден шыққанға дейін шифрланған болуы керек (бұл URL-мекенжай https-тен басталады дегенді білдіреді). Егер сіз өзіңізді шифрланған сайтқа кірдім деп ойлап, алайда шифрланбаған парақшада болсаңыз, жүйеден дереу шығыңыз.

 

* Есептік жазбаларыңызға үнемі қосылулы болмаңыз.

Есептік жазбаңызды пайдалануды аяқтаған кезде, одан шығыңыз.

 

* Әр түрлі сайттарда бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз.

Бұл сіздің есептік жазбаларыңыздың біріне қол жеткізген адамға көптеген басқа да есептік жазбаларыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

* Ескертулерге назар аударыңыз.

Көптеген веб-браузерлер сіз алаяқтық веб-сайтқа кірмей тұрып немесе зиянды бағдарламаны жүктемес бұрын ол жөнінде сізге ескертеді. Бұл ескертулерді елемей тастамаңыз. Өзіңіздің браузерді және қауіпсіздік бағдарламалық қамтылымыңызды жаңартыңыз.

 

* Жақын жердегі Wi-Fi желісіне автоматты қосылуды өшіріңіз.

Осылайша, жалпыға қолжетімді Wi-Fi-ды сіз қашан және қалай қолданатыңызды барынша көбірек басқара аласыз.

 

Қосымша:

* Қоғамдық Wi-Fi желісінде авторлану парақшасы болатын жағдайлар кездесуі мүмкін. Желіге қосылудың нәтижесінде бір реттік код-парольді растау үшін телефон нөмірін енгізуге арналған өрісі бар терезе шығады. Мұндай жағдайларда, авторлану үшін жасалған болып көрінетін код-парольді енгізу зиянкеске сіздің сервистеріңіздің біріне қол жеткізуге және есептік жазбаның құпиясөзін өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар