30.06.2022

Басты бет / МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АҚЖО-МЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АҚЖО-МЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылғы 29 маусымда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының IV-отырысын өткізді.

Іс-шараға АҚЖО-ның 55 өкілі қатысты, оның 33-і бейнеконференция байланысы арқылы қосылды.

Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздікті (бұдан әрі – АҚ) қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріндегі (АКИАМО) АҚ-ның жай-күйі, тыңшылық және құпия ақпаратты ұрлауға арналған бағдарламаларды анықтау бойынша тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.

АҚЖО өкілдері АКИАМО-ны АҚЖО құралдарына қосу бойынша проблемалық мәселелерді қызу талқылады. Сонымен қатар, аудит процестерін екі түрге – АҚ аудиті мен цифрландыру аудитіне бөлу бөлігінде ҚР нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу ұсынылды. Сондай-ақ, «ақ» хакерлерді заңдастыруға қатысты ұсыныстар айтылды.

Іс-шара барысында АҚЖО өкілдері АҚ мамандарының біліктілігін арттыру және нарықта кадрлардың жетіспеушілігі тақырыптарында баяндамаларын жасап, ЖОО студенттеріне арналған оқу жүргізу кезінде бірлескен тәсілді әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Жаңалықтар