Басты бет / Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі – Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне ағымдағы бақылауды жүзеге асыратын Қоғамның бақылаушы органы.

Қоғамның қызметіне қаржылық бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді.

Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерін Қоғамның Директорлар кеңесі белгілеген мерзімге Директорлар кеңесі тағайындайды және олар Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы құрамына сайланбайды.

Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен:

  1. Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы тәуелсіз шынайы ақпарат ұсынады;
  2. жүйелі және дәйекті әдісті қолдана отырып, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару процестерін бағалауды жүргізеді, кеңестер береді және оларды жетілдіруге жәрдемдеседі;
  3. Ішкі аудит қызметі туралы ережеге сәйкес өзінің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Байланыс  телефоны 55-99-99 (ішкі 209)

Электрондық пошта zhkm@sts.kz

“МТҚ” АҚ ішкі аудиті туралы ереже