Басты бет / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдерді басқару қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдерді басқару қызметі

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 9 шешімімен Қоғамда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдерді басқару қызметі құрылды.

Комплаенс-офицер өзінің өкілеттіктерін атқарушы органға байланыссыз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Комплаенс-офицер өзінің қызметі шеңберінде:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғамның ішкі құжаттарының комплаенс мәселелері жөніндегі талаптарын және ең үздік әлемдік тәжірибені үнемі мониторингтеу мен олар өзгерген жағдайда Қоғам үшін салдарын анықтауды;
  2. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді;
  3. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттары мен саясатын әзірлеуді және өзектілендіруді;
  4. Қоғамда бастамашылықпен (конфиденциалды) ақпарат берудің орталықтандырылған желісінің енгізілуін қамтамасыз етуді;
  5. бастамашылықпен (конфиденциалды) ақпарат берудің орталықтандырылған желісі бойынша келіп түсетін, Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне немесе беделді жоғалту тәуекелдеріне ұшырауға бейімділік дәрежесіне әсер ететін ақпаратқа жүйелі талдау жүргізуді;
  6. үшінші тұлғалардың Қоғам үшін сенімділігін тексеру рәсімін (еншілестігін, әртүрлі тізбелерде үшінші тұлғалардың болуын, басқаны тексеру) енгізуді қамтамасыз етуді;
  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме беру іс-шараларын жүргізуді;
  8. мүдделер қайшылығын айқындау, мониторингтеу мен реттеу бойынша шаралар қолдануды;
  9. мемлекеттік функцияларды орындауға өкілеттік берілген тұлғалармен теңестірілген тұлғалар санатына жататын Қоғам жұмыскерлерінің Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізуді;
  10. Қоғам жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды;
  11. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Заңға сәйкес ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыруды;
  12. сыбайлас жемқорлық және/немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысу фактілері туралы өтініштердің (шағымдардың) негізінде қызметтік тексерулер жүргізуді;
  13. Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
  14. Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдемдесуді жүзеге асырады.

Байланыс телефоны 55-99-99 (ішкі 218)
Сенім телефоны 55-20-95
Электрондың пошта A_Kaiypov@sts.kz