Кәсіпорын жаңалықтары

KZ-CERT қызметі белгілі қазақстандық ЖОО серверіндегі осалдықты айқындады

«МТҚ» АҚ KZ-CERT ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан мониторингтеу барысында белгілі қазақстандық ЖОО біреуінің желісінде осалдықты айқындады.

Disney қазақстандықтарға «сыйлықтар» беруге уәде етуде

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қазақстандықтар арасында мессенджерлерде әлемдегі ойын-сауық индустриясының ірі медиаконгломераты - The Walt Disney Company (бұдан әрі - Disney) атынан «Балаларды қорғау күніне арналған сыйлық! Сауалнама арқылы сіздің ақша алу мүмкіндігіңіз бар» тақырыбында ұтыс өткізу туралы алаяқтық сілтемелер тарала бастады.

KZ-CERT қызметі 900 астам осал Exim пошталық серверлерін айқындады

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан мониторингтеу барысында Exim хабарламалар беру агентінің (MTA - mail transfer agent) аса маңызды осалдықтарына ұшырағыш 926 хостты айқындап, оларға талдау жүргізді.

Toyota автомобилінің алаяқтық ұтысы

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мекенжайына  Toyota маркасының автомобилі түрінде кепілді жүлде тігіліп, ұтыс ойыны өткізіліп жатқан тәрізді  интернет-ресурстарға қатысты өтініштер келіп түсті.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Tengri Lab-пен бірлесіп журналистерге арналған байқау өткізеді

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ журналистер мен блогерлер арасында Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған ең үздік материалға байқау өткізілетінін жариялайды.

KZ-CERT ЖӘНЕ СБЕРБАНК КИБЕРАЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕДІ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Сбербанкпен бірлесіп, қазақстандықтарды мұқият болуға және киберқауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Банктің қауіпсіздік қызметі мен KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «Сбербанк» АҚ ЕБ атауы пайдаланылған күдікті жіберілімдердің таратылу жағдайларын айқындады.

Мемлекеттік техникалық қызметімен мемлекеттік органдарға жасалған кибершабуылға тойтарыс берілді

«МТҚ» АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ атынан жіберілім ретінде жасырылған, зиянды жіберілім анықталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстандық Facebook пайдаланушыларының 3 миллионнан астам деректері желіге таралып кетті

Ақпараттық қауіпсіздік инцидентін зерттеу шеңберінде «МТҚ» АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушыларының деректері жария етілуі белгілі болды.

Кеше хакерлік форум пайдаланушыларының бірі әлемнің 106 елінен 533 миллионнан астам Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушыларының мәліметтер базасын жариялады.

Halyk Bank және KZ-CERT жаңа фишингтік ресурстарды анықтады

KZ-CERT «Мемлекеттік техникалық қызметі» АҚ-ның компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (бұдан әрі-қызмет) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп, homebank.kz атын жамылған интернет-ресурс ретінде жалған жаңа фишингтік ресурстарды анықтады.

«МТҚ» АҚ ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өздерінің әскери борышын атқару кезінде 2021 жылғы 13 наурызда Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Осындай ауыр және орны толмас қайғы-қасіретке ортақпыз.

Беттер