Қазақстан киберқауіпсіздік саласында Молдованың серіктесі болды

Ағымдағы жылғы  қазан айында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) мен Молдова Республикасының «Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік қызметі» мемлекеттік мекемесі  (CERT-GOV-MD) Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға  қол қойды. 

Меморандум киберқауіпсіздік саласында күш-жігерді біріктіру мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) қатерлеріне және инциденттеріне әрекет ету бөлігінде ынтымақтасуды дамытуды көздейді.  

CERT-GOV-MD – Молдованың АҚ инциденттерін үйлестірумен айналысатын ұйым болып табылатынын атап өтейік. 

Өз кезегінде, халықаралық серіктестермен ресми қарым-қатынастар орнату өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдегені себепті, Молдова Республикасымен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту екіжақты өзара іс-қимылдың нәтижелілігін арттыратыны сөзсіз. 

«МТҚ» АҚ KZ-CERT қызметі: 

- FIRST (Forum of Incident Response and Security Teams);

- CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress);

- OIC-CERT (Organization of The Islamic Cooperation – Computer Emergency Response Teams);

- TF-CSIRT (Trusted Introducer for Security and Incident Response Teams);

- APWG (Anti-Phishing Working Group);

- APCERT (Asian Pacific Computer Emergency Response Teams) сияқты және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатынын естеріңізге салайық. 

Жалпы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту нәтижесінде «МТҚ» АҚ әлемнің 100-ден астам елдерімен әрекеттесуде. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы ынтымақтастық екі елдің де АҚ қамтамасыз ету саласына оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз.  

 

 «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ

Тел: +7-717-255-99-99   
E-mail: info@ cert.gov.kz.
incident@ cert.gov.kz.

дата материала: 
13.10.2021