АҚ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІНЕ СЫНАҚТАРДАН ӨТУ ҮШІН БЕС ЖҰМЫС ТҮРІ БОЙЫНША ВЕБИНАР

Хабардарлықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардан өту рәсіміне дайындалуға ықпалдасу үшін 2021 жылғы 27 тамызда сағат 15:00-де бес жұмыс түрі бойынша сұрақ-жауап форматында вебинар өткізу жоспарлануда.

5 жұмыс түрі:

    1. Бастапқы кодтарды талдау;
    2. Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау;
    3. Жүктемелік сынақ;
    4. Желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау;
    5. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау.

Вебинарға қатысушылар бойынша ақпаратты (ұйымның атауы, аты-жөні, лауазымы, байланыс нөмірі) ұйымнан 2 адамнан аспайтын көлемде және жұмыс түрлері (техникалық және ұйымдастырушылық) бойынша қызықтыратын сұрақтар тізбесін Jitsi meet-де есептік жазбаларды ұсыну үшін ағымдағы жылдың 23 тамызына дейін synaq@sts.kz пошталық мекенжайына жолдау қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс нөміріне хабарласуды сұраймыз:

Лекерова Алина Бақдәулетқызы – 8 (702)-793-32-16, 55-99-99 (ішкі 418).

дата материала: 
20.08.2021