ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІГІ ТАШКЕНТТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ағымдағы жылғы 29 маусымда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты онлайн бейнеконференция форматында ұйымдастырған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ТМД халықаралық сараптамалық форумына қатысты.

«Цифрлық экономиканы дамыту жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» стратегиялық сессиясында спикер өз сөзінде «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру аясында «МТҚ» АҚ қызметі туралы, оның ішінде Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының (АҚҰҮО) KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі туралы, сондай-ақ АҚ саласында сынақтар өткізу туралы ақпаратпен бөлісті. Бұдан басқа, әлемге және атап айтқанда, қазақстандық пайдаланушыларға коронавирус пандемиясынан орын алған негізгі сын-қатерлер мен сабақтар туралы сөз қозғалды.

Аталған іс-шараға ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұйымдарының басшылық құрамы қатысты.

Өз кезегінде, «МТҚ» АҚ ұйымдастырушыларға осы іс-шараны өткізгені үшін алғыс білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім артады.



дата материала: 
02.07.2021