«МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ-ДА АҚҰҮО КОНСУЛЬТАТИВТІК ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ АЛТЫНШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылғы 28 маусымда Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы консультативтік үйлестіру кеңесінің (АҚҰҮО ҚҮК) алтыншы (VI) отырысы өтті.

Отырыс барысында АҚҰҮО ҚҮК бесінші (V) отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау қорытындысы мен проблемалық аспектілері айтылды. АҚҰҮО КҮК мүшелеріне 2021 жылдың алғашқы 5 айындағы АҚҰҮО қызметінің нәтижелері ұсынылды. Іс-шараның баяндамашылары жоғарыда аталған кезеңде АҚ инциденттерінің ең көп таралған түрлері «зиянды БҚ тарату», «Ботнеттер» және «Интернет-ресурстарды бұзу» болғанын атап өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарынан 28 өкіл қатысты. Отырыс соңында қатысушылар пікірталас өткізді, оның шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттеріне бірлесіп әрекет ету тетіктерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

АҚҰҮО мен ҚР ОМО өзара іс-қимылы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі проблемалық мәселелерін шешу үшін АҚҰҮО алтыншы (VI) отырысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды және орындау үшін барлық қатысушыларға жіберілді.

Анықтамалық: Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының консультативтік үйлестіру кеңесі 2019 жылдың маусым айында құрылды. Кеңес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдау үшін Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары қатарынан қалыптастырылды.

дата материала: 
01.07.2021