ҚАЗАҚСТАН КИБЕРДАЙЫНДЫҚ РЕЙТИНГІНДЕ 31-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

БҰҰ-ның Халықаралық электрбайланыс одағының есебіне сәйкес Қазақстан 31-орынға көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан 83-ші, ал бір жыл бұрын 40-орында болған еді.

ТМД елдерінің ішінде біздің еліміз Ресейден кейін 2-орында.

БҰҰ ХЭО баяндамасында «Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі (Global Cybersecurity Index, GCI) 193 мемлекетті біріктіретін қорытынды кестеде орындарды бөлу үшін негіз болды» делінген.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған техникалық институттарды құруға және нығайтуға бағытталған техникалық, заңнамалық және кооперативтік шаралармен, сондай-ақ басқа мемлекеттермен даму және ынтымақтастық әлеуетімен ерекшеленді.

«МТҚ» АҚ рейтингті көтеруге тікелей қатысты. Мәселен, 2020 жылы 18 000-нан астам АҚ инциденті пысықталды, мемлекеттік органдарға 594 млн. астам шабуыл орын алды, Грузиямен, Индонезиямен, Израильмен, Франциямен және Түркіменстанмен меморандумдарға қол қойылды, «МТҚ» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі азаматтардың 1500-ден астам өтінішін пысықтады, сондай-ақ 2200-ден астам шығыс хабарламасын жіберді және халықаралық серіктестерден 1700-ден астам хабарлама алынды.

Есеп халықаралық ұйымның https://bit.ly/3hA7V59 ресми сайтында қолжетімді.

Ал біз, өз кезегінде, атқарылған жұмыстарға қуанамыз және ТОП 10-ға кіруге ұмтыламыз!

дата материала: 
30.06.2021