ЖЕҢІМПАЗДАР ЖАРИЯЛАНДЫ #КОНКУРСГТС

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу аясында журналистер мен блогерлер арасында өткізілген «Қазақстандықтар үшін киберқатерлер немесе Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі» конкурсының жеңімпаздары жарияланды. Конкурсты «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен «TengriLab» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін ұйымдастырушылар қазылар алқасын құрды, оның құрамы:

- Kazdream IT-холдингінің Ақпараттық қауіпсіздік өнімдері мен қызметтері департаментінің директоры Салипов Даурен Каиргельдинович;
- «ЦАРКА» ЗТБ президенті Сатиев Олжас Шагзадович;
- «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетинг қызметінің бастығы Әбіқаева Әсел Серікжанқызы.

Қазылар алқасы ақпараттық қауіпсіздік тақырыбына арналған 30-дан астам журналистік жұмысты қарады. Барлық жұмыстар жоғары сапасымен ерекшеленді.

Қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала» номинациясында (газеттер, журналдар, интернет-БАҚ және т.б.) «Әлемді әуре-сарсаңға салған «Киберқауіпсіздік» деген не?» аналитикалық шолумен Айтбаев Темірлан Әбдімәлікұлы, ал «Әлеуметтік желілердегі үздік материал» номинациясында (бейне, фото, посттар) әлеуметтік желідегі «Интернеттегі жеке ақпараттық қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы постымен Турин Медет Мұратқалиұлы жеңімпаз атанды.

Конкурс бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне тарту мақсатында алғаш рет өткізілді.

Конкурс жеңімпаздары екі номинация бойынша естелік сыйлықтармен марапатталатын болады:
    • «Үздік мақала» - Mac book Air 13 М1;
    • «Әлеуметтік желілердегі үздік материал» - iPhone 12.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа 2021 жылғы 19 мамыр - 23 маусым аралығында жарияланған немесе жарық көрген жұмыстар мен материалдар қабылданды.

Баспасөз қызметі
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Тел: +7-7172-55-99-97   
E-mail: press@sts.kz

дата материала: 
28.06.2021