Қазақстанның киберқауіпсіздігі Юграда ұсынылды

Ағымдағы жылғы 15-16 маусымда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) Ханты-Мансийск қ. РФ, БРИКС, ШЫҰ және ҰҚШҰ елдерінің қатысуымен «Инфофорум Югра» ақпараттық қауіпсіздік бойынша 4-ші халықаралық конференцияға қатысты.

«Цифрлық қауіпсіздік: жаңа сын-қатерлер және компьютерлік инциденттерге қарсы іс-қимыл» стратегиялық сессиясында «МТҚ» АҚ спикерінің баяндамасында әлем, атап айтқанда, қазақстандық пайдаланушылар үшін коронавирус пандемиясынан орын алған негізгі сын-қатерлер мен сабақтар туралы сөз қозғалды. Бұдан басқа, киберинциденттер санының артуына жауап ретінде ҚР-да сәтті іске асырылған шешімдер ұсынылды. Мәселен, қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша әзірленген ұсынымдар, «Қауіпсіз DNS» сервисі (ата-ананың бақылау қызметіне ұқсас), ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиенаның негізгі аспектілері бойынша өткізілген семинарлар және т.б.

Аталған іс-шараға 25 мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылары қатысты.

Өз кезегінде, «МТҚ» АҚ осы іс-шараны өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Тел: +7-7172-55-99-97
 1400 (моб.)   
E-mail: info@cert.gov.kz
incident@cert.gov.kz

дата материала: 
24.06.2021