«МТҚ» АҚ ғылымды дамытуға қатысады

Ағымдағы жылғы 11 маусымда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) Алматы қаласында өткен ҚАҚӨМ-2021 «Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Пленарлық сессияда «МТҚ» АҚ атынан спикер ретінде Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының (АҚҰҮО) директоры сөз сөйледі. Баяндамада соңғы жылы өсуі коронавирустық пандемиямен және халықтың қашықтықтан жұмыс/оқу форматына көшуімен тікелей немесе жанама байланысты киберинциденттер санының айтарлықтай артқаны туралы айтылды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар АҚҰҮО ағымдағы қызметімен танысты. Бұл баяндама киберқауіпсіздіктің қазіргі жағдайына белсенді сұрақтар қойып, ынталылық танытқан конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырғанын айта кету керек.

Аталған іс-шараға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

«МТҚ» АҚ өз кезегінде ҚР БҒМ-нің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтына аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.


«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Тел: +7-7172-55-99-97
 1400 (моб.)   
E-mail: info@cert.gov.kz
incident@cert.gov.kz

дата материала: 
15.06.2021