«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Tengri Lab-пен бірлесіп журналистерге арналған байқау өткізеді

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ журналистер мен блогерлер арасында Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған ең үздік материалға байқау өткізілетінін жариялайды.

Бұл байқау Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлерінің күніне орайластырылған және ақпараттық қауіпсіздікті насихаттау мәселелерімен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдарын ынталандыру, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының (АҚЖО) қызметін жариялау мақсатында алғашқы рет өткізілмек.

Жүйелік интегратор АҚЖО болып табылатын және  «ақылды» қалалар саласындағы IT-жобаларды, үлкен деректерді өңдеуді, жасанды интеллектті, қауіпсіздік пен бейнеталдауды іске асыру мақсатында құрылған TengriLab компаниясы іс-шараның ресми серіктесі атанды.

Қатысу үшін материалды 2021 жылғы 19 мамырдан бастап 23 маусымға дейінгі аралықта баспа, электрондық, интернет-БАҚ немесе әлеуметтік желілерде жариялау қажет. Үміткерлер байқауға қатысу үшін өтінімнің толтырылған нысаны мен өз жұмыстарын (жарияланған мақалаға сілтемені немесе скан-нұсқасын және/немесе материалдың аудио-бейне жазбасын) 2021 жылғы 23 маусымға дейін (сағат 12:00) press@sts.kz электрондық мекенжайына жиберуге тиіс.

Байқау біліктілік талаптар қойылмай, бір тур арқылы өткізіледі де мұнда байқаудың комиссиясы тіркелген қатысушылардың арасында екі номинация – ең жақсы мақала (газеттер, журналдар, интернет-БАҚ және басқалар) және әлеуметтік желілердегі ең үздік материал  (бейне, сурет, жазбалар) бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері байқаудың барлық қағидаларын сақтау, тақырыпты ашу, материалдардың өзектілігі, айқын және негізделген авторлық ұстаным, қорытындылардың өзіндік ерекшелігі мен дербестілігі, ұғынымды және дұрыс баяндалуы болып табылады. Екі номинация бойынша жеңімпаздар үшін басты жүлделер  -  Mac book Air 13" M1 және IPhone 12.

Байқаудың жеңімпаздарын анықтауды құрамына іс-шараны ұйымдастырушылар мен серіктестер, сондай-ақ АҚЖО сарапшылары кіретін байқаудың комиссиясы жүзеге асырады. Байқау комиссиясының шешімі дауыс көпшілігімен қабылданады.

Байқаудың қорытындылары шығарылып, 2021 жылғы 28 маусымда жарияланады. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Байқауды өткізу қағидалары осында ұсынылып отыр. 

Байланыс ақпараты: +7172 55 99 97 (ішкі 363, 351, 439), ұялы: +7 702 176 3666, + 7 778 183 88 85

дата материала: 
19.05.2021