«МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ-ДА АҚҰҮО КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ БЕСІНШІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы Консультациялық үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі-АҚҰҮО КҮК) бесінші мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында КҮК төртінші мәжілісі хаттамалық тапсырмаларының орындалуын іске асыру мәселелері мен проблемалық аспектілері айтылды.

Мәжіліс шеңберінде  КҮК мүшелеріне АҚҰҮО тарапынан жүргізілген мониторинг үдерісінде айқындалған ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерінің нәтижелері ұсынылды.

АҚҰҮО жүргізген талдау негізінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде  азаматтардың дербес деректерін жинау мақсатында құрылған, мемлекеттік органдардың түрлі сервистерін ұқсастыратын алаяқтық және фишингтік ресурстар санының артқаны байқалғаны себепті кеңеске қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органды және «МТҚ» АҚ-ны сатып алынатын жаңа мемлекеттік сервистер туралы хабардар етуді бақылауға алу ұсынылды.

Зиянкестер 2020 жылы шабуылдардың мынадай бағыттарын белсендірді – зиянды БҚ тарату, фишингтік шабуылдар, DDoS-шабуылдары. АҚ инциденттеріне дер кезінде әрекет ету нәтижесінде «Ботнет» түріндегі инциденттер саны 59,7%-ға азайғанын атап көрсету қажет. 2019 жылмен салыстырғанда, ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) жабдығы мемлекеттік органдарға бағытталған шабуылдардың  3,5 есе артық санын тіркеп, оларға тойтарыс берді. Шабылдар саны 2019 жылы 154 млн. астам болса, 2020 жылы 593 млн. артқан шабуылдар саны тіркелді.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу бойынша қызмет көрсету шеңберінде «МТҚ» АҚ мен өтініш берушілердің өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, сондай-ақ сынақтар жүргізу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және  қағаз құжат айналымы көлемін азайту мақсатында Synaq интернет – порталын құру арқылы «МТҚ» АҚ-ның сынақтар жүргізу бойынша қызметтер  көрсету механизмін автоматтандыру туралы ақпарат жарияланды.

27 ұйым мен мемлекеттік органдардың 48 КҮК қатысушысы  мәжіліске қатысты. КҮК қатысушылары мәжіліс аяқталған соң ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мен АҚ қатерлеріне бірлесіп әрекет ету механизмдерін қалыптастыруға қатысты мәселелерді белсенді талқылады.

Анықтама үшін: АҚҰҮО-ның Консультативтік үйлестіру кеңесі 2019 жылдың маусым айында құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары қатарынан қалыптастырылған.

дата материала: 
05.03.2021