Жобалар

Ашық кілттер инфрақұрылымы

Ашық кілттер инфрақұрылымы

Инфрақұрылымдық шешімдер департаментінің  негізгі мақсаты Ашық кілттер инфрақұрылымын қалыптастырумен, дамытумен және қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарды орындау бойынша қызметтердің сапасын арттыруға себептесу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары үшін сенімді сәйкестендіру құралдары мен ЭЦҚ, сондай-ақ электрондық құжат айналымының ведомствоаралық жүйесіне қатысушы мемлекеттік қызметшілерге ЭЦҚ құралдарын  ұсыну бойынша қызметтерді сапалы орындау болып табылады.

 

Жобалар:

 

Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы

Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР НКО) - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттерінің тиесілігін және дұрыстығын  растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.

 

Толығырақ ақпаратты www.root.gov.kz  ҚР НКО сайтында алуға болады. 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) құралдарын ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰКО) құрылды. ҚР ҰКО сүймелдеуді «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қамтамасыз етеді.

 

ҚР ҰКО ЭЦҚ 99-дан артық ақпараттық жүйеде, соның ішінде «электрондық үкімет» порталында, «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында, «Қазынашылық-клиент» АЖ және т.б. пайдаланылады.

 

Толығырақ ақпаратты www.pki.gov.kz  ҚР ҰКО сайтында алуға болады.  

 

Пайдаланушыларды техникалық қолдау 8-800-080-7777 және 1414 телефондар арқылы жүзеге асырылады.

                                       

E-mail: support@pki.gov.kz 

 

ҚР ҰКО әрекет етуін реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық актілер:

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II  Қазақстан Республикасының заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы».

 

Пайдаланушыларды техникалық қолдау 8-800-080-7777 және 1414 телефондар арқылы жүзеге асырылады.

E-mail: support@pki.gov.kz.  

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы

 

Мемлекеттік органдардың арасында ЭЦҚ технологияларын пайдалана отырып заңдылық мәні бар электрондық құжат айналымын құру мақсатында Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталық (бұдан әрі – МО КО) құрылды. МО КО сүйемелдеуді «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қамтамасыз етеді. МО КО 2007 жылғы 29 мамырдан бастап өнеркәсіптік пайдалануда әрекет етуде. ҚР МО КО Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ), Мемлекеттік органдардың интранет-порталында (МОИП) және мемлекеттік ұйымдардың ведомстволық электрондық құжат айналымы жүйелерінде пайдаланылады.

 

МО КО әрекет етуін реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық актілер:

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II  Қазақстан Республикасының заңы;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидасы.

 

Толығырақ ақпаратты www.ucgo.gov.kz МО КО сайтында алуға болады.

 

Пайдаланушыларды техникалық қолдау 8-800-080-7777 және 1414 телефондар арқылы жүзеге асырылады.

E-mail: support@pki.gov.kz.