Кәсіпорын жаңалықтары

Қазақстан IPv6 жүйесіне көшуге дайындалуда

9 маусымда Алматыда жаңа IPv6 адрестеу жүйесіне көшу мәселелеріне арналған RIPE NCC аймақтық конференциясы өтті. Бұл конференция «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Алматыда өткен бұл шарада RIPE ұйымының мүшелерін ғана емес, сонымен қатар провайдерлердің, байланыс операторларының техникалық өкілдері және ағымдағы мәселелерді шешуге мүдделі қазақстандық басқарушылар бас қосты. Конференцияға «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қызметкерлері сарапшылар ретінде қатысты.

Қазақстан Республикасы және Малайзия байланыс әкімшіліктері делегацияларының арасындағы келіссөздердің нәтижелері туралы

2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында Қазақстан Республикасы және Малайзия байланыс әкімшіліктерінің делегациялары спутниктік желілерге жиілік беруді үйлестіру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Минск қаласында радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтпек

2014 жылдың 14-18 сәуірінде Беларусь Республикасы, Минск қаласында, «МТҚ» РМК мамандары қатысатын, БАЫ іс-шаралары өткізіледі: − ДРК-15/РА-15-ке (14-16 сәуір 2014ж.) дайындық бойынша БАЫ Жұмыс тобының 4-ші отырысы; − БАЫ Комиссиясының жерсеріктік орбиталар және радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеу бойынша 5-ші отырысы (17-18 сәуір 2014ж.).

Ташкент қаласында радиожиілік спектрін басқару бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді

2014 жылдың 12-14 наурызы аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында радиожиілік спектрін басқару бойынша Жұмыс тобының 4-ші отырысы және БАЫ Комиссиясы жанындағы радиохабар тарату бойынша Жұмыс тобының жерсеріктік орбиталар және радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеуге қатысты 3-ші отырысы өтеді.

Корей «Интернет және қауіпсіздік» агенттігімен (KISA) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2013 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Корей «Интернет және қауіпсіздік» агенттігімен (KISA) өзара сенім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ғаламдық киберқауіпсіздік ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Бакуде 19-ші Әзірбайжан халықаралық көрмесі мен BakuTel-2013 - «Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» конференциясы аясында «Ғаламдық киберқауіпсіздік ынтымақтастығы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында конференция өтті.

 

Қытай ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету техникалық қызметімен (CNCERT/CC) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2013 жылғы 22 қарашада Қазақстандық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қытай ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету техникалық қызметімен (CNCERT/CC) өзара сенім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Беттер