Блогерлер де жылайды немесе алаяқтар аккаунттарды қалай ұрлайды
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ KZ-CERT қызметіне қазақстандық пайдаланушыдан helpsforviolation.ml сілтемесі бойынша өткеннен кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі оның аккаунтын «ұрлау» туралы өтініш келіп түсті. Жүргізілген талдау барысында интернет-ресурс «Интернет сегментіндегі Фишинг» ретінде сыныпталды.