Студенттер олимпиадасы

Жоғары оқу орындары арасындағы студенттер олимпиадасы 2013

2013 жылғы жоғарғы оқу орындары арасындағы «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, радиотехника» студенттер олимпиадасы

     «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК 2013 жылғы сәуірдің 2-нен 26-на дейінгі аралықта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп жоғарғы оқу орындары арасында техникалық оқу орындарының 3,4 курс студенттері мен магистранттарына арналған «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, радиотехника» студенттер олимпиадасын өткізді.

     Олимпиадаға Қазақстан Республикасының келесі 9 жетекші оқу орындарының 3, 4 курс студенттері және магистранттары қатысты: ҚарМТУ, Халықаралық IT-университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Астана қаласының Политехникалық колледжі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, АЭжБУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА мен Ресей ЖОО-ы Томск қаласының Басқару жүйесі және радиоэлектроника мемлекеттік университеті.

     Олимпиада жеңімпаздары: «Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік» секциясы бойынша:

1 орын - Рамазан Хайруллаевич Қойшыбаев (ҚарМТУ, Карағанды)

2 орын - Ернар Қазбекұлы Увалиев (КарМТУ, Карағанды)

3 орын - Әлібек Бақытұлы Қосымбаев (Халықаралық IT-университеті, Алматы);

«Радиотехника және телекоммуникациялар» секциясы бойынша:

1 орын - Дина Естайқызы Кәрменова (Халықаралық IT-университеті, Алматы)

2 орын - Сыпатай Маратұлы Төрехан (Халықаралық IT-университеті, Алматы)

3 орын - Нұрсұлтан Досмұханбетұлы Мырзакерімов (Халықаралық IT-университеті, Алматы).

     2013 жылдың 26 сәуірі күні ҚарМТУ-да олимпиаданың салтанатты жабылуы өтіп, жеңімпаздар 1,2,3 деңгейдегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен, смартфондардың және плантшеттердің заманауи үлгілері, марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады!

     Жүлделі орынға ие болмаған қатысушыларға Финалшылар куәлігі және флеш-жинатқыштары берілді. Олимпиада іс-шаралары аясында қатысушыларға, студенттерге, магистранттар мен ҚарМТУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамына МТҚ таныстыру өтті.

    Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті әзірлеген конкурстық тапсырмаларға кәсіптік тапсырмалар, теориялық тестік сұрақтар мен практикалық есептер қамтылды.

    Қазылар алқасын және ұйымдастыру комитетін «МТҚ» РМК жетекші мамандары, ҚарМТУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы құрады: компьютерлік технологиялар және жүйелік техника институтының директоры Л.М. Мұстафина, ф-м.ғ к., доцент, телекоммуникациялар, энергетика және автоматика институтының директоры Г.Г.Тәткеева, т.ғ. докторы, профессор, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі М.К. Баймульдин, т.ғ.к., доцент, «ЖАЖ» кафедрасының меңгерушісі М.М. Коккоз, п.ғ.к, доцент, «ЕТжБҚЕ» кафедрасының меңгерушісі Г.Д. Когай, т.ғ.к, ҚарМТУ профессоры, Халықаралық Қазақстанды ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, «Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі А.Д. Мехтиев, т.ғ.к. А.С.Смағұлова, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. М.Ш. Әлімов, «Байланыс жүйесінің технолониясы» кафедрасының аға оқытушысы В.А.Эттель.

Толық ақпаратты және фотогалереяны http://olimpiada.ctsat.kz сайтынан көруге болады.