Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша олимпиаданың қорытындылары

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп техникалық оқу орындарының 3, 4 курс студенттері мен магистранттар үшін «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника» оқу орындары арасында студенттік олимпиада өткізді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 9 жетекші ЖОО-ның 3, 4 курс студенттері мен магистранттар қатысты: ҚарМТУ, Халықаралық ІТ-университет, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Астана қ. Политехникалық колледжі, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, ЭБАУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, М. Тынышбаев атындағы ҚазККА және БРЖТМУ ресейлік ЖОО-ның магистранттары қатысты. Олимпиада жеңімпаздары:

«Ақпараттық технология және ақпараттық қауіпсіздік» секциясы бойынша:

1 орын – Рамазан Хайруллаевич Койшыбаев (ҚарМТУ, Қарағанды)

2 орын – Ернар Казбекович Увалиев (ҚарМТУ, Қарағанды)

3 орын – Алибек Бахытович Косымбаев (ХАТУ, Алматы)

«Радиотехника и телекоммуникациялар» секциясы бойынша:

1 орын – Дина Естайқызы Карменова (ХАТУ, Алматы)

2 орын – Сыпатай Маратұлы Төрехан (ХАТУ, Алматы)

3 орын – Нұрсұлтан Досмуханбетұлы Мырзакерімов (ХАТУ, Алматы)

26.04.2013 ж. ҚарМТУ олимпиада салтанатты түрде жабылып, жеңімпаздар 1, 2, 3 деңгейдегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен – смартфондар мен планшеттердің қазіргі үлгілерімен марапатталды! Олимпиада жеңімпаздары «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады!

Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға финалист куәліктері және флеш-жинақтауыштар тапсырылды.

Олимпиада іс-шарасы шеңберінде қатысушылардың, ҚарМТУ студенттерінің, магистранттарының және профессорлық-оқытушы құрамының алдында тұсау кесері болды. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті дайындаған конкурстық тапсырмаларға кәсіптік тапсырмалар, теориялық тестілік сұрақтар және тәжірибелік тапсырмалар қосылды.

Әділқазылар және ұйымдастыру комитетінің құрамына «МТҚ» РМК жетекші мамандары, ҚарМТУ профессорлық-оқытушылық құрамы кірді: компьютерлік технологиялар және жүйелі техника институтының директоры ф-м.ғ.к., доцент Л.М. Мустафина, телекоммуникациялар, энергетика және автоматика институтының директоры т.ғ. докторы, профессо Г.Г. Таткеева, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент М.К. Баймульдин, «Автоматтандырылған жобалау жүйесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.М. Коккоз, «ЕТ және БҚ» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., ҚарМТУ профессоры Г.Д. Когай, Қазақстанның халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті, «Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. А.Д. Мехтиев, Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. А.С. Смагулова, ТЖЖ кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. М.Ш. Алимов, АЖЖ кафедрасының профессоры т.ғ.к. В.А. Эттель.