Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру туралы

Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» және «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру туралы

Қазіргі уақытта мемлекеттік билік органдарының алдында тұрған бірінші кезекті міндет - «электрондық үкіметті» құру және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетуге байланысты заңнама талаптарын орындау болып табылады.

Заңнама мемлекеттік құрылымдарды мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетуді қамтамасыз етуге міндеттейді, бұл өз кезегінде мемлекет пен азаматтардың өзара ақпараттық әрекеттесуінің жаңа тиімді деңгейге көшуін қамтамасыз ете отырып, электрондық ведомствоаралық іс-қимыл тетіктерін көтермелеуге және реттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі ағымдағы кезде аталған процестер шеңберінде «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» және «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметтерін www.reginfo.kz Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркелімінің сайты арқылы көрсету мүмкіндігін жүзеге асырды.

Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды есепке алу және пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттық жүйелер туралы ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру кезінде олардың қайталануын болдырмау жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитке ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамасын депозаитрийде жүйелі есепке алу және ақпараттық жүйелерді әзірлеуге жұмсалатын бюджеттік қаражатты қасқарту үшін қайта пайдалану мен оларды әзірлеу бойынша қандай да бір деректер жоғалған кезде қалпына келтіру үшін сақтау мақсатында салынады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану мүмкіндігі, қызметтерді пайдаланушылардың ақпараттық электрондық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және электрондық есепке алу үшін оларға қолжетімділігі мен алудың қолайлығы, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозарийде сақтауға өтініштерді электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеудің ыңғайлылығы осы мемлекеттік қызметтерді автоматтандырылған түрде көрсетудің артықшылықтары болып отыр.

Жоғарыда аталған қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі ерекшеліктері ретінде:

1.Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді мемлекеттік тіркелімде тіркеу өтініштері нысанына жедел қолжетімділікті және оларды ақпараттық жүйелер және ақпараттық ресурстар туралы мәліметтерді электрондық түрде мемлекеттік органдарға арналған бірыңғай портал арқылы ұсыну үшін толтыруды қамтамасыз ету;

2.Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік- техникалық құжаттаманы депозитарийде сақтауға тапсыру өтінішінің нысанына жедел қолжетімділік пен оны электрондық түрде ұсыну үшін толтыруды қамтамасыз ету;

3.Қызметті алушының Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелгені туралы куәлік пен Депозитке салынатын объектілер депозитарийде тіркелгені туралы анықтаманы өз бетінше қабылдап басып шығаруын қамтамасыз ету;

4.Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барысына бақылауды қамтамасыз ету, оларды алу уақытын айтарлықтай қысқарту мүмкіндіктерін көрсетуге болады. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер мемлекеттік тіркелімінің деректері туралы мәліметтер ашық болған жағдайда , оларға www.reginfo.kz сайты арқылы қол жеткізуге болады.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметтер кешенін, оның ішінде жоғарыда аталғандарды қоса алғанда, автоматтандыру негізгі мақсаты мемлекеттің халыққа электрондық қызметтер көрсетуді жеңілдету және нақты уақыт көлеміне дейін жылдамдату болып табылатын «электрондық үкімет» инфрақұрылымының бір бөлігі екендігін атап өту керек.