Қазақстанның мемлекеттік органдары мен АT қауымдастықтары АКТ саланың мәселелерін ашық талқылады және бірлескен іс-қимылдар туралы келісті

2 шілдеде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанның АТ қауымдастығымен кездесті және республиканың АКТ саласының даму проблемаларын талқылады.

Кездесуде өткен сындарлы әңгіме Қазақстандағы АКТ технологиялардың даму саласындағы жетістіктер туралы сөйлесуге ғана емес, мемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялардың, сондай-ақ азаматтық сектор мен бизнес-құрылымдардың өкілдері тап болған проблемаларды да белгілеуге мүмкіндік берді.

Тараптар тіркеу рәсімдерін қарапайымдау және эксаумақтық қағидаттарын алу, Кедендік одақ және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына жуырда кіру жағдайындағы АКТ саланың жергілікті мазмұнын дамыту және Қазақстан Республикасында еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануды насихаттау сияқты маңызды проблемаларды талқылады.

Кездесудің қорытындылары бойынша кадрларды қайта бейіндеу және моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында АТ мамандар үшін жұмыс орындарын құру, «Ақпараттық Қазақстан-2020» және Бизнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде шағын және орта бизнестің отандық кәсіпорындарында АКТ өнім мен қызметтерге сұраныс жасау бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау шешімі қабылданды.

Сондай-ақ, кездесуге қатысқан Қаржы министрлігі АТ қауымдастықтың өкілдерін салық жеңілдіктерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобына қосты, ал «Алатау» ИТП» АЭА АТ қауымдастықпен бірлесе отырып, эксаумақтық қағидатын ұзарту бойынша ұсыныстарды әзірлеумен, сондай-ақ, осы қағидаттан туындайтын жеңілдіктерді ұсыну рәсімдерін қарапайымдаумен айналыса бастады.

Тараптар осындай кездесулерді жиі өткізуге келісті, сондықтан келесі кеңес қыркүйек айына жоспарланып отыр және онда қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың аралық қорытындылары жасалады.

02.07.2013