2013 жылдағы ақпараттық қауіпсіздік

ESET компаниясы өткен жылғы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы маңызды оқиғалар туралы есебін жариялады.

2013 жылы ірі корпорацияларға және желілік БАҚ-қа жасалған мақсатты шабуылдар сериясы белгіленді. Шабуылдарға, жеке жағдайда, New York Times, Wall Street Journal, Washington Post газеттерінің серверлері, сонымен қатар Twitter, Facebook, Evernote, Apple және Microsoft компаниялары шалдықты. Бұл шабуылдар веб-сервис қызметкерлері мен қолданушыларының жеке деректерінің не ол, не бұл дәрежеде жылыстауына әкелді. Киберқылмыскерлер соққысына сондай-ақ лезде хабарламалармен алмасу жүйелерінің қолданушылары түсті. Осылайша, өткен жылы Skype, Gtalk, QIP және басқа да мессенджерлер қатарында ауқымды спам-науқан белгіленді: бүкіл әлем бойынша жарты миллионнан астам қолданушыларға қауіп төнді. Фишингтік хабарламалардың көмегімен қылмыскерлер жүйені зиянды бағдарламалық қамтамасыз етумен зарарлап, жеке және аутентификациялық деректерге қол жеткізді.

Жиі алаяқтар мен киберқылмыскерлерден шағын құрылғылар (смартфон және планшет) иелері зардап шегеді. Жеке жағдайда, қазір Android-қа арналған зиянды бағдарламалардың үлкен бөлігі зарарланған гаджеттердің ботнетке біріктіру функционалды мүмкіндіктерін қамтиды. Соңғы жылы Android платформасына арналған зиянды бағдарламалардың орташа саны 63%-ға өсті. Android-қатерлер өсуінің ең үлкен екпінін Иран, Қытай және Ресей көрсетті. Ұқсас жағдай 2014 жылы да сақталады, сонымен бірге жаңа мобильдік қатерлер тек сандық емес, сапалық өсуді де көрсетеді.

2013 жылы әртүрлі қорқытып алу бағдарламалары мен қолданушы деректерін шифрлеушілері кеңінен қолданылды. Статистиканың көрсетуінше, өткен жылы қолданушылардың 60%-ы ең кемінде бір рет әлеуметтік желілердегі өзінің аккаунттарының қолжетімдігін хакерлік бұзу нәтижесінде жоғалтқан (25%-ы әлденеше рет бұзуға шалдықты). Мобильдік спамнан шағын құрылғылар иелерінің 76%-ы зардап шегеді, 11%-ы жарнамалық қоңырауларға шалдығады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесін ол, не бұл дәрежеде қолданушылардың 86%-ы қам қылған, сұхбаткерлердің 64%-ы деректерді хакерлік шабуылдардан және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғау мәселесіндегі өзінің жауапкершілігін түсінеді. Пошта қолжетімдігінен айырылу немесе құпия жұмыс ақпаратының жылыстауын болдырудан қолданушылардың 5%-ы және сәйкесінше 4%-ы қауіптенеді.

Ақпарат көзі: 3dnews.ru

13.01.2014