Қазақстан ақпараттық технологияларға қолжетімділік бойынша ОА елдері арасында алдыңғы орында

Бүкіләлемдік банк соңғы төрт жылда Орталық Азия елдері үкіметтерінің ақпараттық технололгияларды қолданудағы едәуір ілгерілеушілігін тіркеген.Бұл туралы ББ сейсенбі күні Бішкекте таныстырған «Орталық Азияда азаматтық белсенділікті арттыруда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану» шолуында айтылған.

Банк мәліметі бойынша, Қазақстанда «электрондық үкімет», мемлекеттік қызмет түрлерін интернет арқылы алу, шенеуніктердің блогтары, муниципальдық өкіметпен интернет сайттары арқылы байланысқа шығу, сондай-ақ ашық мемлекеттік мәліметтер сияқты жобалар анағұрлым прогресске ие болған.

«2012-жылы Қазақстан электрондық үкімет жүйесін енгізген дамушы елдер арасында екінші орынды иеленіп, әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты. Электрондық қызметтер электрондық үкімет саласындағы басымдықты бағыт болып табылады. Мемлекеттік портал электрондық үкіметтің барлық қызметін алуға мүмкіндік беретін ортақ кіру жолын қамтамасыз етеді», - деп атап өткен банк сарапшылары.

Қырғызстан ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану боынша екінші орынға шыққан. Республикада өкіметтің ресми сайты жиі пайдаланылады екен. Оның үстіне, азаматтар елдегі заң жобалары тура пікір қалдырып, редакциялауға қатысу мүмкіндіктері де бар.

ББ мәліметтері бойынша, Қырғызстанда ұялы байланыстың дендеп ені деңгейі шамамен 112%, алайда, БҰҰ жүргізген электрондық үкіметті зерттеуі бойынша, ел салыстырмалы төмен орындардың бірінде қалып отыр. Бұл зерттеудегі ел рейтингісі 2012-жылы, 190 елдің арасында 99-орыннан 91-орынға дейін 8 позицияға төмендеген. Сонымен қатар, қырғыз халқы арасында шағым мен сұраныстарды берудің интерактивті формасы танымал болып қалуда.

Аталған мерзім ішінде ақпараттық технологиялардың ең төмен даму деңгейі Тәжікстан мен Түркіменстанда анықталған. Атап айтқанда, Тәжікстанда интернетке қолжетімділік салыстармалы түрде шектеулі, бірақ мобильдік кең жолақты байланыстың дендеп енуі барынша жоғары. 2012-жылы халықтың тек 13%-нің ғана интернетке қолдары жеткен.

Тәжікстан мен Түркіменстан электрондық үкімет жүйесін дамыту ниеттері бар екенін мәлімдеген. Өзбекстан негізгі ақпараттық және электрондық қызметтерді өзінің үкіметтік платформасы арқылы ұсынып, азаматтарға мемлекеттік органдарға шағымдары мен сұраныстарын қарапайым онлайн-формасында беру мүмкіндігін тудыруда.

Ақпарат көзі: Ortcom.kz

29.01.2014