Қазақстан киберқауіпсіздік бөлігінде Түрікменстанды қолдайды

2020 жылдың 4 желтоқсанында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) мен «Türkmenaragatnaşyk» агенттігі жанындағы Мемлекеттік киберқауіпсіздік қызметі (МКҚ) арасында киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Меморандумға қол қою Түркіменстан мемлекеті тарапынан басталып, 12 желтоқсанда өтетін Түркіменстанның бейтараптық күнін мерекелеуге орайластырылды. Бейтараптық күнін БҰҰ күнтізбесіне енгізу идеясы Түрікменстанға тиесілі - дәл осы күні 1995 жылы БҰҰ-да Түрікменстанның тұрақты бейтараптығы ресми түрде расталды.

Меморандумға қол қою бейнеконференц-байланысы форматында өтті. Іс-шараға МКҚ Төрағасының орынбасары Ходжамухаммет Аннаммұхаммедов, МКҚ Төрағасының орынбасары Гурбанбырат Юрдаманов қатысты. Қазақстан тарапынан МТҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек, Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының (АҚҰҮО) директоры Серік Холдас, сондай-ақ «МТҚ» АҚ департамент директоры Медет Ысқақов қатысты.

Түрікмен әріптестерінің Меморандумға қол қою күні кездейсоқ таңдалмады, өйткені  2019 жылдың  4 желтоқсанында Түркіменстан МКҚ құрылды. Бұл факт оқиғаның маңыздылығын көрсетеді және жаңа серіктестердің сенімі туралы айтады деп пайымдаймыз.

Бауырлас екі елдің жемісті ынтымақтастығы ақпараттық қауіпсіздік қатерлері туралы ақпарат алмасу процесін жеделдетуге және оларға уақтылы әрекет етуге көмектеседі деп үміттенеміз.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел: +7-717-255-99-97 ( ішкі 351)
      +7-702-176-36-66 (моб)
E-mail: press@sts.kz

дата материала: 
11.12.2020