Қазақстан халықаралық алаңда өзінің киберқауіпсіздігі туралы мәлімдеді

Мемлекеттік техникалық қызмет Cybersecurity Alliance for Mutual Progress (CAMP) - Өзара ілгерілікке арналған киберқауіпсіздік альянсының  5 — ші жыл сайынғы конференциясында жүлделі орынға ие болды.

2020 жылғы 14-20 қыркүйек аралығында CAMP мүшелерінің 5-ші жыл сайынғы конференциясы өтті, онда қатысушы елдермен әріптестік шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды және 2019-2020 жылдардағы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің аса маңызды оқиғалары талданды. Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар іс-шараны онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Альянстың әрбір қатысушысына өз елін таныстыруға және киберқауіпсіздік жағдайы туралы айтуға мүмкіндік берілді.

Қазақстан атынан Мемлекеттік техникалық қызметтің Департамент директоры Медет Ысқақов сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстанның COVID-19 пандемиясы кезеңінде кибершабуылдарға қарсы күрестегі тәжірибесімен бөлісті. Біздің спикердің сөз сөйлеуі CAMP қатысушы 47 елден «Best Speaker» номинациясында үздік деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан CAMP ұйымдастыру комитетінің құрамына кіріп, ұйымдастыру комитетінің тізімін он елге дейін толықтырды.

Анықтама үшін: CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress), Оңтүстік Кореяда жұмыс істейді, оның құрамына 46 елден 60 ұйым кіреді. Альянсты киберқауіптердің алдын алу үшін жаһандық ұйымға айналдыру мақсатында CAMP мүшелері барған сайын күрделене түсетін және бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар мен ұйымдарды көбірек қозғайтын киберқауіпсіздік мәселелері бойынша оқу бағдарламаларымен және ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие.

дата материала: 
15.10.2020