Қазақстанның білім беру платформалары зиянкестер тарапынан DDoS-шабуылдарға ұшырады

«МТҚ» РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ҚР мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарына ақпараттық қауіпсіздік осалдықтары тұрғысынан мониторинг жүргізу барысында kundelik.kz және bilimland.kz қазақстан білім беру платформаларына бағытталған мақсатты DDoS-шабуылдарды тіркеді.

DDoS-шабуылдары басым бөлігі Интернеттің шетелдік сегментінен көптеген IP-мекенжайларынан жүзеге асырылды және «МТҚ» РМК тарапында орналасқан DDoS-шабуылдардан қорғау жүйесін пайдана отырып, оларға тойтарыс берілді. Тіркелген шабуылдар аталған білім беру интернет-ресурстарына қызмет көрсетудің тоқтауына әкелген жоқ.

Шабуылдар бастапқыда kundelik.kz интернет-ресурсының мекенжайына жасалғаны тіркеліп, ал 8 минуттан кейін DDoS-шабуылдары bilimland.kz жалпы білім беру порталына жасалғанын назар аударғымыз келеді. 

KZ-CERT қызметінің сарапшылары осы фактіге сүйене отырып, шабуылдар бір-бірімен байланысты болып, қашықтықтан оқыту кезеңінде жоғарыда аталған білім беру порталдарының жұмысқа қабілеттілігін бұзуға мақсатталғанын болжады. 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шабуыл көздері көрсетіліп, шетелдік CERT мекенжайларына хабарламалар жіберілді.

Бұрын біз OnlineMektep.org интернет-ресурсына бағытталған DDoS-шабуылдарға тойтарыс берілгенін хабарлағанымызды естеріңізге саламыз.



 «KZ-CERT» компьютерлік
инциденттерге әрекет ету қызметі
Тел: +7-717-255-99-97
1400 (моб.)   
E-mail: info@kz-cert.kz
incident@kz-cert.kz

дата материала: 
17.09.2020