"МТҚ" РМК onlinemektep.org интернет-ресурсына жасалған DDoS-шабуылына тойтарыс берді.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК (бұдан әрі- «МТҚ» РМК) Bilim Media Group тиесілі onlinemektep.org интернет-ресурсына қатысты Интернеттің шетелдік сегментінен жүзеге асырылған үлестірілген DDoS-шабуылы тіркелгенін хабарлайды, шабуылдың жиынтық сыйымдылығы 153 Гбит/с құрады.

Бір күн бұрын «Bilim Media Group» компаниясы оларға тиесілі onlinemektep.org интернет-ресурсының құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өтінішімен «МТҚ» РМК-ге жүгінген болатын.

«МТҚ» РМК сарапшылары ақпараттық қауіпсіздікті зиянды трафиктен қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданды. 

Интернет-ресурстың «МТҚ» РМК қолжетімділіктің мониторинг жүйесіне дер кезінде енгізілгені «Bilim Media Group» компаниясының интернет-ресурсына бағытталып келіп түскен DDoS-шабуылына тойтарыс беруге мүмкіндік туғызды. Қазіргі уақытта шабуылдың әсерін барынша азайту жөніндегі белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Платформаның әзірлеушілері бұрын шабуыл ұйымдастырылған және пайдаланушылардың сенімін жоюға бағытталған деп санайтынын хабарлағанын естеріңізге саламыз.

дата материала: 
10.09.2020