«Киберқалқан» шекараларын кеңейтуде

«Мемелекеттік техникалық қызмет» РМК (KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі) Грузия Әділет министрлігінің деректер алмасу Агенттігімен (Компьютерлік инциденттерге жылдам әрекет ету тобы) «Киберқауіпсіздік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды, осылайша, жасалған меморандумдардың жалпы саны 29-ға дейін ұлғайтты.

Меморандумның негізгі мақсаттары:

-ақпараттық қауіпсіздік қатерлері туралы ақпарат алмасу;

-ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне бірлесіп әрекет ету;

-зиянды бағдарламалық қамтылым таралуы туралы ақпарат алмасу;

-атына кір келтірушіліктің индикаторларымен алмасу болып табылады.

KZ-CERT қызметі FIRST (Forum of Incident Response and Security Teams), CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress), OIC-CERT (Organisation of The Islamic Cooperation – Computer Emergency Response Teams), TF-CSIRT (Trusted Introducer for Security and Incident Response Teams) және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында әлемнің 100-ден астам елдерімен өзара қарым-қатынас қалыптасты.

Грузия Әділет министрлігінің деректер алмасу Агенттігі (Data Exchange Agency) 2010 жылы құрылды. Ол елдегі электрондық үкіметтің дамуына жауап береді, мемлекеттік құрылымдар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, ақпарат алмасу үшін желілік инфрақұрылымды құрады және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттар әзірлейді. Агенттіктің қызметі туралы CERT.GOV.GE интернет-ресурста білуге болады.

Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы мен Грузия киберкеңістігінің қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуде және арттыруда тағы бір қадам болып табылады.

 

05.06.2020

дата материала: 
05.06.2020