ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директоры болып Аскар Рахымбайұлы Жүнісбек тағайындалды.

Аскар Рахымбайұлы Жүнісбек С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін, механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Өзінің еңбек қызметін Алматы облысы Қоғалы орта мектебінің математика және информатика мұғалімі ретінде бастады. Әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда, 2013 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен бірге Мәскеу қаласы УМЦНИТ ФАСПСИ, компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломы бар.

Аскар Рахымбайұлы Жүнісбек қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірнеше рет ведомстволық және үкімет наградаларымен, түрлі халықаралық грамоталармен және  дипломдармен ынталандырылды, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалін иеленді.

дата материала: 
21.05.2020