МТҚ меморгандардың сайттарына жасалған DDoS – шабуылдарды тіркеді

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК бүгін Интернеттің шетелдік сегментінен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ұйымдары интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға әкелген мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына қатысты бөлінген DDoS-шабуылы тіркелгенін хабарлайды.

Бүгін электрондық үкімет порталының көптеген пайдланушылары eGov.kz, Е-лицензирование порталының және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінің тұрақсыз жұмыс істеуіне назар аударды. Бұл жағдай мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550 астам IP-мекенжайынан жүргізіліп жатқананы айқындалған  DDoS-шабуылға байланысты.

Ағымдағы сәтте шабуылдың ресурстар жұмысына әсерін барынша азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар жүргізілуде.

 

12.05.2020