Қазақстан Республикасы азаматтарына ескерту

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және зиянкестер тарапынан шабуылдар жасау қатерлерін төмендету үшін азаматтарды күмәнді хабарламаларды ашпауға және мазмұны күдікті интернет-ресурстарға өтуді барынша азайтуға шақырады.

Көптеген ұйымдар ТЖ барлық кезеңіне қашықтықтан жұмыс істеуге ауысатынын назарға ала отырып, зиянкестердің құрбанына айналу тәуекелдері  арта түсті.  Сондықтан барлық қазақстандықтарды тексерілмеген ақпаратты оадн әрі тараптауға, бейтаныс адамдардан жіберілген сілтемелер бойынша өтпеуге,  тексерілмеген дереккөздерден ақпаратты жүктеп алмауға, вирусқа қарсы бағдарламаны жаңартып, ДК жүйелі түрде сканерлеуді жүргізуге шақырамыз.

Троян вирусымен зақымдалған Covid-19 туралы таратылған ақпараттың айқындалуына және ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің алдын алуға байланысты «Мемлекеттік техникалық қызмет» «Қауіпсіз DNS» сервисі түріндегі техникалық шешімді әзірледі.

Сервистің ерекшелігі зиянды ресурстар, фишинг пен спам санатына жататын интернет-ресурстарға пайдаланушы сұрау салуды жүзеге асырған кезде мекенжайлар бейнелеу үшін қолжетімсіз болатынында. Жай сөзбен айтқанда, «Қауіпсіз DNS» базасына енгізілген интернет-ресурсқа жіберілім алып немесе өтіп, пайдаланушы экранында бұл туралы хабарлама шығарылады.

Сервис байланыс операторлары көрсететін «ата-аналық бақылау» қызметіне ұқсас, бірақ «Қауіпсіз DNS» сервисі ақысыз көрсетіледі және барлық Интернет сегментін пайдаланушыларға қолжетімді.

Сервисті іске қосу үшін пайдаланушыға компьютердің (Windows)  баптауларында келесі іс-қимылдарды орындау қажет:

Желілерді және жалпы қолжетімділікті басқару орталығы => адаптердің парамертлерін өзгерту => ашылған терезеде түнтуірдің оң жақ пернесімен  адаптердің  Ethernet0  белгісін басу және  “Ерекшеліктер” командасын шерту=> «4 (TCP/IPv4)” TCP/IPv4) IP нұсқасын» таңдау және
" Ерекшеліктер ” командасын шерту => DNS-серверлердің келесі мекенжайларын пайдалану => Қолайлы DNS-сервер => 91.214.42.211 => Баламалы DNS-сервер => 91.214.42.212 => “Шығу кезінде параметрлерді растау”  қарсысында қанатша белгісін қою және OK басу. Одан әрі DNS-серверлер кэшін жаңарту қажет. Ол үшін Іске қосу мәзірін басыңыз> «Бағдарламалар мен файлдарды табу» өрісіне cmd енгізіңіз > түнтуірдің оң жақ пернесімен  табылған сілтемені басып, «Әкімшіден іске қосуды» таңдаңыз. Командалық жолда ipconfig /flushdns командасын енгізіңіз және Enter бастырмасын басыңыз. Компьютерді қайта жүктеңіз.

Сонымен қатар, барлық жұмыс берушілерді инфрақұрылымның тұтастығы мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді ақпарат жіберілетін шифрланған байланыс арналарымен қамтамасыз етуге шақырамыз.

Ал қызметкерлерді:
жұмыс станциясында пароль орнатуға;
корпоративтік инфрақұрылымда қабылданған барлық қауіпсіздік саясаттарын сақтауға;
ақпаратты жіберу үшін корпоративтік поштаны пайдалануға;
құпия ақпаратты алмалы тасығыштарда сақтауға;
бағдарламаларды қашықтықтан қол жеткізу және қашықтықтан қосылу үшін пайдаланбауға;
жаңа бағдарламалық қамтылымды немесе жабдықты орнатпауға;
ондағы роутер мен парольді жаңартуға;
сеансты аяқтаудан бұрын міндетті түрде ақпараттық жүйеден шығуға;
оқиғалар журналдарын қарауды ұмытпауға немесе күдікті оқиғалар кезінде хабарламаларды әкімшіге жіберуді ұйымдастыруға шақырамыз.

Сымсыз арнаның және байланыс жай-күінің артық жүктемесіне жол бермеу мақсатында роутерге қосылған құрылғылар санын шектеуді ұсынамыз.

Күдікті интернет-ресурстар немесе жіберілімдер айқындалған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе https://cert.gov.kz/notify-incident , https://t.me/kzcert сілтеме арқылы өтінім жіберуді, сондай-ақ incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайына хат жіберуді сұраймыз.

 

20.03.2020

дата материала: 
20.03.2020