Хабиб Нурмагомедовтың аты алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көмектеседі

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызмет РМК KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Khabibteam.vixciti.com интернет-ресурсында Хабиб Нурмагомедовтың атынан өткізілген ұтыс ойынына қатысып, алаяқтардың құрбаны болған қазақстандықтардың жаппай өтініш жасауын хабарлайды.

Демалыс күндері KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің 1400 нөміріне Қазақстан тұрғындарының банктік карталарынан ақшалай қаражаттың ұрлануы туралы жаппай қоңыраулар түсті. 

Өтініш білдірушілермен әңгімелесу барысында олардың бәрі Instagram әлеуметтік желісіндегі Хабиб Нурмагомедовтың жалған парақшасында  760000 теңгеден астам жүлде қорымен өткізілген ұтыс ойынының қатысушылары болғаны анықталды.

Интернет сегментін пайдаланушылардың біреуі посттан кейінгі түсініктемелерде CVC-коды көрсетілген банктік карталардың деректерін қалдырған. Ал қырағылық танытып, Khabibteam.vixciti.com. интернет-ресурсына өткендер сауалнамадан өтіп, содан кейін белгілі соманы алаяқтардың жеке шотына аударған.

KZ-CERT қызметі жүргізілген талдаудың нәтижесінде аталған ресурсты «Интернет сегментіндегі фишинг/Алаяқтық» ретінде сыныптады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде KZ-CERT әрекет ету қызметінің атынан хостинг қызметтері көрсетілген елдің CERT-іне айқындалған инцидент туралы хат жолданды. Көршілес елдердегі әріптестер жедел шаралар қолданды және бүгінгі күні аталған интернет-ресурс қолжетімсіз.

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Хабиб Нурмагомедовтың атынан сауалнама нысаны орналасқан оннан астам интернет-ресурстарды айқындағаны туралы бұрын хабарлағанын естеріңізге саламыз.

Жылдың басынан осы тәрізді айқындалған интернет-ресурстардың саны шамамен он бес болғанын атап көрсеткіміз келеді. 

Барлық қазақстандықтарды осындай түрдегі күдікті интернет-ресурс айқындалған жағдайда,  біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауға немесе http://www.kz-cert.kz/ru/form, https://t.me/kzcert сілтемелері бойынша өтінімдер жіберуге шақырамыз. Сондай-ақ incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайына хат жіберуге болады.

дата материала: 
24.12.2019