Консультациялық үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) Консультациялық үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы болып өтті.

Уәкілетті және орталық атқарушы органдардың өкілдері КҮО-ның алдыңғы отырыстарында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жылды қорытындылап, есеп берді.

Отырыс барысында КҮО мүшелеріне АҚҰҮО мамандары мониторинг жүргізу нәтижесінде айқындаған мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттер бойынша мәліметтер көрсетілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.

Отырыстың қорытындылары бойынша меморгандар үшін осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру және АҚ қатерлеріне бірлесіп әрекет ету механизмдерін қалыптастыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді.

 Анықтама: АҚҰҮО Консультациялық үйлестіру кеңесі 2019 жылғы маусымда құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарының, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдап отыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіби мамандары санынан қалыптастырылды.