«KZ-CERT» қызметі Интернеттегі есірткі трафигімен күресті жалғастыруда

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қазақстан Республикасының аумағында есірткі заттарды таратқан елуден астам интернет-ресурсты анықтады.
Елуден астам интернет-ресурс Интернет сегментінде ашық қолжетімділікте болған. Олар арқылы кез келген адам есірткі заттарын сатып алуға тапсырыс жасап, кедергісіз ала алатын болған.
Қазақстандық Интернет сегментін талдау барысында KZ-CERT қызметінің сарапшылары .kz домендік аймағында орналастырылмаған, бірақ қазақстандықтар «тапсырыс» деп аталатын жеткізу қызметін ұсынатын интернет-ресурстарды анықтады. Сонымен қатар, жеткізіп беру арқылы сатып алу мүмкіндігі бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылып келген. Бірқатар интернет-ресурстар өңірлерге байланысты соманы (тг., руб., usd.) көрсете отырып, валютаны айырбастауды жүзеге асырған.
Сонымен қатар, кейбір интернет-ресурстарда одан әрі тарату үшін көтерме сатып алу мүмкіндігі берілді.
«KZ-CERT» пен құзыретті органдардың бірлескен жұмысының арқасында осы интернет-ресурстар бүгінгі күні қол жетімсіз.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «KZ-CERT» қызметі есірткі заттарын тарататын 46 интернет-ресурсты анықтаған болатын.
Құрметті қазақстандықтар!
«KZ-CERT» осындай интернет-ресурстарды анықтау бойынша жұмыстарды одан әрі жүргізетін болады, алайда сіздің назарыңызды есірткі сатушылар сату құралдарын таңдауда жиренбейтініне, сондай-ақ ауыстыру, онда олар өз қызметін жүзеге асыратын жаңа беттерді жасау тәуекелдеріне аударамыз. Сондықтанда біздің балаларымыздың, туған-туыстарымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін баршаңызды ерекше қырағылық танытуға шақырамыз және интернет-ресурстардың осындай түрі анықталған жағдайда бізге 1400 нөмірі бойынша немесе телеграмм https://t.me/kzcert тобына хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз желіде есірткі трафиктерін тоқтата аламыз.