Қазақстан Өзара прогреске арналған киберқауіпсіздік альянсының құрамына кірді

Корея Республикасының Сеул қаласында CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress) жыл сайынғы 4-і конференциясы өтті. Қазақстан онда ұйымдастыру комитетінің құрамына енгізілді.

Ұйымдастырушылар CAMP конференциясы барысында Қазақстан Альянстың ұйымдастыру комитетінің құрамына кіргенін ресми жариялады. Осымен, ұйымдастыру комитетінің құрамына он серіктес ел, соның ішінде Қазақстан да кірді.

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің бастығы Медет Искаков өзінің Facebook-тағы ресми парақшасында: «Басқа елдердегі әріптестеріміз біздің кейстерге қызығушылық танытып, Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы дамуын жоғары бағалағаны қуанышты. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде өз командаңның жұмыс күндері бүкіл мемлекеттің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталғанын түсінесің» - деп хабарлады. 

Өткен жылы Қазақстан кибердайындық индексінің әлемдік рейтингісінде 42 жолға көтерілгенін естеріңізге саламыз. Сонымен қазіргі уақытта Қазақстан аталған рейтингінің 40 орнында. 

Анықтама: Құрамына 45 елдің 59 ұйымы кіретін Оңтүстік Кореяда қызмет ететін CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress). 

Бұдан басқа, CAMP мүше елдері Альянсты барынша күрделеніп және бүкіл әлем бойынша қозғайтын пайдаланушылар мен ұйымдардың саны артып келетін киберқатерлерге жол бермеуге арналған  жаһандық ұйымға айналдыру мақсатында киберқауіпсіздік мәселелері бойынша оқу материалдарымен және ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие болды.