Алаяқтар Хабиб Нурмагомедовтың атын жамылып, пайда тапқысы келген

«KZ-CERT» қызметі Хабиб Нурмагомедовтың, сондай-ақ Украинаның ең ірі банкі -ПриватБанкінің атынан сауалнама нысаны бар оннан астам алаяқтық интернет-ресурстарды айқындады.
«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мекенжайына ҚР Ақпараттық қауіпсіздік арнасының Telegram мессенджері арқылы «Хабиб Нурмагомедовтен 100 TOYOTA CAMRY 2019 автомобилінің біреуін немесе банк картасына ақшалай жүлде ұтып алу мүмкіндігі беріледі» деген ақпарат орналастырылған күдікті интернет-ресурстарға талдау жүргізу қажет екені туралы хат келіп түсті.
«KZ-CERT» сарапшылары оннан астам интернет-ресурстарға егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша бәрі «алаяқтық интернет-ресурс/ Интернет желісіндегі фишинг» ретінде сыныпталды.
Ресурстарда жүргізілген сауалнаманың алгоритмі Adidas атынан жүргізілген, сұрақтарға жауап беру және жіберілімді одан әріWhatsApp мессенджері арқылы жіберу қажет болатын сауалнамаға ұқсас.
Бұдан басқа, біреуі Украинаның ең ірі банкі -ПриватБанкінің ресми интернет-ресурсын ұқсастырғаны себепті, сарапшылардың назарын тартып, қосымша бірнеше алаяқтық интернет-ресурс айқындалды.
Халықаралық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерімен ынтымақтастық шеңберінде «KZ-CERT» тиісті мемлекеттерге ақпараттық қауіпсіздік инциденттері туралы хабарламалар жолдады.
Бүгінгі күні барлық айқындалған интернет- ресурстар қолжетімсіз.
Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, барлық қазақстандықтарды домендік атты (іздеу жолына енгізілетін) ескеруге, ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердің парақшаларында өткізілетін акциялар туралы ақпаратты тексеруге шақырамыз. Осындай түрдегі күдікті интернет-ресурс айқындалған жағдайда, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе https://t.me/kzcerthttp://www.kz-cert.kz/ru/form сілтемесі бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайына хат жолдауды сұраймыз.