Шағын қарыз немесе алаяқтық схема

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі экспресс-кредит ресімдеуді қалайтын азаматтардың дербес деректерін жинайтын алаяқтық интернет-ресурстарға талдау жүргізді. 

Белгілі бір өмірлік жағдайларда шағын қарыз ресімдеу қажеттілігі туындайды, алайда алаяқтардың құрбанына айналу тәуекелі мұнда да орын алады. 

«KZ-CERT» қызметіне теңге валютасымен ақшалай экспресс-кредит ресімду үшін азаматтардың дербес деректерін жинайтын күдікті интернет-ресурстар туралы хат келіп түсті. Осылай, kzcred.com және turbozaimkz.ru интернет-ресурстарға талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша мыналар тіркелген кезде дербес деректердің жиналатыны айқындалды: ТАӘ; туған күні; электрондық мекенжайы; тіркеу мекенжайы; паспорт деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді); жұмыс беруші; ай сайынғы табыс; байланыс нөмірі; әлеуметтік желілердегі профилі.

Бұдан басқа, зиянкестердің алаяқтық схемасына сәйкес дербес деректерді енгізгеннен кейін пайдаланушыға «виртуалды картаны» шығарған үшін 5500 тг. көлеміндегі соманы төлеу қажет.  Аталған картаның жарамдылық мерзімі мен CVV кодының жоғына назар аударамыз.

Естеріңізге салайық, CVV (Card Verification Value аудармасы «Картаның төлнұсқалылығын тексеру коды») – бұл шоттағы ақшаны сыртқы тұлғалардан қорғау үшін пайдаланылатын верификация, яғни тексеру коды.

Басқа деректерді енгізіп, жаңа пайдаланушыны тіркеген кезде пайдаланушыға ұқсас нөмірі бар виртуалды карта берілетінін атап көрсету қажет. 

«KZ-CERT» қызметі бұл интернет-ресурстарды «алаяқтық интернет-ресурстар» ретінде сыныптады. 

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «KZ-CERT» қызметі осы ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне қатысы бар таяу және алыс шетелдерді хабарландыру бойынша іс-шараларды жүргізді. 

Бүгінгі күні осы интернет- ресурстар қолжетімсіз екеін атап көрсеткіміз келеді.

Қазақстандықтарды осындай түрдегі күдікті интернет-ресурс айқындалған жағдайда,  біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауға, http://www.kz-cert.kz/ru/form, https://t.me/kzcert сілтемелері бойынша өтінім жіберуге, сондай-ақ  incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайына хат жолдауға шақырамыз.