ҚР ҰЭМ атынан жалған жіберілім WhatsApp-ты «жайлап келеді»

«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі WhatsApp  мессенджерінде ҚР ҰЭМ атынан жалған жіберілім таралғанын хабарлайды. 

«KZ-CERT» қызметі 2019 жылғы 8 қыркүйекте WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға ҚР ҰЭМ атынан сауалнамадан өтіп, 350 000 тг алу ұсынылатын жалған жіберілімдерді тіркеді. Сауалнама орналастырылған интернет-ресурстың online (socialopros.online) домендік аймағында орналасқаны  осы ресурстың мемлекеттік органның атынан заңды еместігін білдіреді. 

Мемлекеттік органдардың ресурстары kz домендік аймағында орналасқанын, сондай-ақ олар gov префиксін пайдаланатынын атап көрсету қажет.

 Жедел айқындалған ақпараттық қауіпсіздік инциденті азаматтардың дербес деректерінің жария етілуіне жол бермеуге көмектесті, себебі сауалнама орналастырылған ресурс толық пысықталмаған болды. 

ҚР ҰЭМ аталған жіберілімнің заңсыздын растады

Бұл алаяқтық интернет ресурс халықтың арасында алаңдаушылық және қазақстандықтардың мемлекеттік органдардың қызметін теріс қабылдауын тудыру мақсатында құрылғанын болжаймыз.

Сондай-ақ, бұрын WhatsApp мессенджері арқылы egov.kz атынан («Электрондық үкімет» порталы) 650 000 теңге шығарып алу туралы жалған жіберілім таратылғанын естеріңізге саламыз. 

Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, барлық қазақстандықтарды домендік атты (іздеу жолына енгізілетін) ескеруге шақырамыз, және осындай түрдегі күдікті интернет-ресурс айқындалған жағдайда,  біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе http://www.kz-cert.kz/ru/form сілтемесі бойынша өтінім жіберуді, сондай-ақ  incident@kz-cert.kz электрондық мекенжайына хат жолдауды сұраймыз.