Конституция күнімен!

30 тамыз  - ел дамуының жаңа, тиімді кезеңінің басы ретінде егеменді және тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына енген айтулы күн. Дәл осы күні жалпыұлттық референдумда 1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Конституция біздің тәуелсіздігіміздің берік іргетасына, Қазақстанның табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің кепілі болды.

Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған ауқымды реформалар Конституция қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құрулардың берік өзегіне айналғанын растайды.

Негізгі заң қоғам өмірінің барлық салаларында даму деңгейіне ықпал етті, қазақстандықтардың барлық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

Біздің көпұлтты мемлекетіміз тұрғындарының болашағы барлық азаматтардың құқықтарының толықтығын, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етумен, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтаумен тығыз байланысты.

Сіздерге ашық аспан, келісім мен тұрақтылықты тілейміз. Әр отбасында бақыт пен амандық болсын!