.KZ домендерінің иеленушілеріне қатысты фишинг кампаниясы

ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қазақстан Республикасы аумағында интернет – алаяқтардың белсенділігі арта түскенін ескертеді!!!
KZ-CERT қызметінің мекенжайына Интернеттің қазақстандық сегментінің домендік атаулары иеленушілерінен ҚР хостинг компанияларының атынан  мынадай сипаттағы фишинг таратылатыны туралы өтініштер жиі келіп түседі.

Алаяқтық жіберілім mail.ru пошталық сервистерінен жүзеге асырылады. «Төлеу» деген батырманы басқан кезде Яндекс.Деньги төлем онлайн-сервисіне ауысу жүзеге асырылады.

 

Сонымен қатар, KazNIC қазақ желілік ақпарат орталығы мен ҚР хостинг компанияларының өкілдері бұл ақпаратты растаған жоқ. Олардың айтуынша, қазақстандық хостинг компанияларының басым бөлігі:
 - көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін «Яндекс.Деньги» төлем жүйесін пайдалануды;
 - @mail.ru немесе @gmail.com сипатты ақысыз сервистердегі мекенжайларды арақатынас үшін пайдалануды дағдыланбаған.

ЕГЕР СІЗ ФИШИНГТІК ЖІБЕРІЛІМНІҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ, СІЗГЕ ҚАТАҢ ТҮРДЕ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ  ӨТПЕЙ, ЖІБЕРУШІЛЕРДІҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫНА НАЗАР АУДАРУДЫ. ОСЫНДАЙ ХАТТАРДЫ АЛҒАН ЖАҒДАЙДА 1400 ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ НЕМЕСЕ INCIDENT@KZ-CERT.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАСЫ БОЙЫНША ДЕРЕУ КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ  ХАБАРЛАСУДЫ ҰСЫНАМЫЗ.