«МТҚ» РМК командасы The Standoff кибершайқасының жеңімпазы атанды

2019 жылғы 21-22 мамырда Мәскеу қаласында «Positive Hack Days» атты практикалық қауіпсіздік бойынша халықаралық форум өтіп, оған «МТҚ» РМК қызметкерлері қатысып қайтты.

«Positive Hack Days» - ақпараттық қауіпсіздіктің басты өзекті мәселелері көтерілетін бірегей халықаралық іс-шара. Екі күн қатарынан хакерлер, ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары мен әзірлеушілері, бизнес пен мемлекет өкілдері, ғалымдар мен журналистер үзіліссіз отырып, ақпараттық қауіпсіздікке төнген нақты  киберқауіптер мен оларға қарсы тұру жолдарын талқылады. Биылғы PHDays9 іс-шарасы «Тұрақты шаманы бұзу» тақырыбына арналды.

Форумның іскерлік бөлімімен қатарлас ауқымды бағдарлама әрі жылдың хакерлік сайысы болып табылатын 30 сағаттық The Standoff кибершайқасы болып өтті. Хакерлер», «қорғаушылар» және SOC (қауіпсіздіктің сараптамалық орталықтары) болып бөлінген командалар екі күн қатарынан тайсалмай өзара бақ сынасты. Сайыс форматы нақты өмірге барынша ұқсас жағдайда құрылған, ойын мақсаты ақпараттық қауіпсіздіктің нақты қауіп-қатерлерін іс жүзінде көрсету болды.

«МТҚ» РМК командасы кибершайқасқа алғаш рет қатысып отыр. Қорғаушылардың міндетіне City F қаласы кеңселерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кірген болатын. Командағы SOC ACRC (Angara Profeccional Assistance, Россия) орталығымен бірлесіп Behealthy сақтандыру компаниясының кеңселік сегментінің қауіпсіздігін қорғау сеніп тапсырылды. Команда қорғаушы ретінде қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін барлық проблемалар мен қауіптерді еппен жеңе отырып, 29 сағат бойы көш бастап тұрды.

  
- Ұйымдастыршылардың сценарийі бойынша жасырын дереккөз Behealthy компанияның бірқатар пайдаланушыларының домендік тіркеу жазбасын біліп қойып, оларды «қара нарықта» сатып жіберді. Шабуылдаушы команда оларды Behealthy кеңсесінің пертиметрлерін сәтті бұзу үшін одан әрі қолданды, соның арқасында өз артықшылығын айқындап, домендік әкімшінің тіркеу жазбасына қол жеткізді. ACRC талдаушылары шабуылды дер кезінде анықтай алмай қалғандықтан, «МТҚ» РМК командасының қорғаушыларына айып ұпайлары салынды, - деп пікір бөлісті команда капитаны Дәурен Молдахметов.

The Standoff кибершайқасының қорытындысы бойынша «МТҚ» РМК командасының қорғаушылары жүлделі үшінші орынды иеленіп, тамаша нәтиже көрсетті және өздерінің жоғары біліктіліктерін дәлелдеді.

                                                                                                                                                                                                                «МТҚ» РМК баспасөз қызметі