Кәсіпорынның құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты жиын болып өтті

Салтанатты шараға Кәсіпорынның ардагерлері мен бұрынғы жауапты жұмыскерлері, мемлекеттік органдар мен IT-саласы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды «МТҚ» РМК директоры Ержан Біржанов ашты.

Ол өз сөзінде «МТҚ» РМК-ның жетістіктері мен даму болашағы туралы айтып берді.

Кәсіпорын өзінің он жылдық қызметінде Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және одан әрі дамыту үшін қажетті берік іргетас қалыптастыра білді.

Е. Біржанов Кәсіпорынның серпінді даму жолында екендігін және қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсіп тоқтап қалмайтынын атап көрсетті. Сондай-ақ ол барлық жұмыскерлерге ерен еңбектері үшін алғыс айтып, одан әрі де табыстарға жетуді, Кәсіпорынның тұрақтылығы мен гүлдене беруін тіледі.

Іс-шарада шақырылған меймандар құттықтау сөз сөйлеп, МТҚ-ның  елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі рөлі мен қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.

Жиналысқа қатысушылардың назарына МТҚ ұжымы тұңғыш мерейтойға арнайы әзірлеген «Жетістіктер жетелеген 10 жыл» бейнеролигі ұсынылды.

Кәсіпорынның 10 жылдығына орай жұмыскерлерге адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты жиын соңында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы тамашаланды.