Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы

Мемлекеттік органдардың арасында ЭЦҚ технологияларын пайдалана отырып заңдылық мәні бар электрондық құжат айналымын құру мақсатында Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталық (МО КО) құрылды.

МО КО сүйемелдеуді «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қамтамасыз етеді. МО КО 2007 жылғы 29 мамырдан бастап өнеркәсіптік пайдалануда әрекет етуде.

ҚР МО КО Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ), Мемлекеттік органдардың интранет-порталында (МОИП) және мемлекеттік ұйымдардың ведомстволық электрондық құжат айналымы жүйелерінде пайдаланылады.

МО КО әрекет етуін реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық актілер:

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Қазақстан Республикасының заңы;

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген және Нормативтік –құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізіліміне № 6716 енгізілген Мемлекеттік органдарды куәландырушы орталық қызметінің қағидалары.

Пайдаланушыларды техникалық қолдау 8-800-080-7777 және 1414 телефондар арқылы жүзеге асырылады.

E-mail: support@pki.gov.kz.

Толығырақ ақпаратты www.ucgo.gov.kz МО КО сайтында алуға болады.