Назар аударыңыз, алаяқтар!

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қазақстан Республикасы аумағында интернет-алаяқтар белсенді іс-қимыл жасауда екенін ескертеді. Зиянкестер мерекелік акцияларды сылтауратып, мобильдік мессенджерлер мен электрондық пошта арқылы түпкілікті мақсаты кепілді төлемді белгілеуді орындау немесе төленетін бонусқа комиссия төлеу болып табылатын сауалнамадан өтуге шақыру таратуды жүзеге асырады.  

Алаяқтық хабарламаларда:

      ● Алаңдауды немесе қатер тудыратын мәліметтер, мәселен, Сіздің банктік шоттың жабылуы;

      ●  Парақ нысанындағы белсенді емес жолдар (қосымшалар);

      ●  Ең аз күш-жігер жұмсап немесе тіпті жұмсамай үлкен ақшалай пайдаға үміттендіру;

      ●  Шынайы болу үшін өте жақсы мәмілелер туралы мәліметтер, көптеген жағдайларда бұл қатысушы өткен соң комиссия төлегеннен кейін кепілді түрде сыйақы беруге уәде берілетін «сауалнама - сайттары»;

      ● Жаңалықтарда хабарланған дүлей апаттар және т.б. кейін қайырымдылық ұйымының атынан жәрдем беру туралы сұрау салулар қамтылуы ықтимал.

 

KZ-CERT ұсынымдары

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ойын, көңіл көтеру бағытындағы интернет-ресурстарға, бейтаныс ресурстарға кірмеуге, «таңғаларлық» оқиғалар берілген сілтемелер мен баннерлер бойынша өтпеуге кеңес береді – мұнай жаңалықтар пайдаланушыларды әртүрлі зиянды бағдарламалармен зақымдауға жиі пайдаланылады. 

СМС – хабарламалар мен біржолғы кодтар келетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият қараңыз.

Белгісіз адресаттан күтпеген тақырыптағы, қандай да бір операцияны Сізге дереу немесе қысқа мерзімде орындау ұсынылатын не Сізді мәжбүрлеуге әрекет жасалатын кез келген күдікті хатты  – зиянды ретінде қараңыз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеріңіз. Зиянкестер мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертіп, Сізге хатты Сіздің танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан жіберуі мүмкін. 

Жүргізілетін операциялардың логикасында кез келген өзгеріс айқындалған кезде банктердің байланыс орталықтарына жүгініңіз. Сіз интернет-банкинг сайтына кіретін, сондай-ақ Өзіңіздің карталарыңыздың көмегімен төлеуді жүзеге асыратын құрылғыларды  (компьютер, ноутбук, планшет) абайлап және мұқият пайдаланыңыз.

Егер Сіз Фишингтің құрбанына айналсаңыз, 1400 жедел желі бойынша Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне дереу жүгініп, қатер төнуі ықтимал өзіңіздің барлық онлайн-аккаунтарыңыздағы парольдер мен PIN-кодтарды ауыстыруды ұсынамыз. 

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТА КҮДІКТІ БЕЛСЕНДІЛІК АЙҚЫНДАЛҒАН, СІЗДІҢ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРІҢІЗГЕ БЕЛГІСІЗ ФАЙЛДАР ЖҮКТЕЛГЕН НЕМЕСЕ СЫРТҚЫ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСҚА ДЕРЕБЕС ДЕРЕКТЕР МЕН БАНК КАРТАЛАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТУДЫ ЖӘНЕ БҰЛ ТУРАЛЫ  1400 АҚЫСЫЗ БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ САЛЫП НЕМЕСЕ INCIDENT@KZ-CERT.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА БОЙЫНША ХАБАРЛАУДЫ ҰСЫНАМЫЗ