Назар аударыңыз! Алаяқтық ресурс!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «алаяқтық интернет-ресурс» ретінде сыныпталған mobiltechnics.com/kz-techno интернет-ресурсында ақпараттық қауіпсіздік инцидентін айқындады.

Зиянкестер мобильді мессенджерлер және электрондық пошта арқылы mobiltechnics.com/kz-techno интернет-ресурста сауалнамадан өтуге шақыруды таратуды жүзеге асырған. 

Кепілді ақша қаражатын алу үшін қатысушыға сауалнама өтуге және WhatsApp мессенджері арқылы, келесі сипаттағы хабарлама бар сілтеме бөлісуге ұсынады:

Қысқы демалыстар үшін "Технодом" 120000 теңге сомасына тегін купондарды 31 желтоқсанға дейін таратады. Менің купонымды алды mobiltechnics.com/kz-techno

Хабарламаларды таратуды жүзеге асырғаннан кейін, сауалнамаға қатысушыны  интернет-ресурсқа бағыттап, кейіннен жарнамалық интернет-ресурстарға бағыттаған.

 

KZ-CERT ұсыныстары

Мереке кезінде, сатып алулар мен жарнамалық таратылымдардың көлемінің ұлғаюына байланысты, ерекше қырағы болуға және күдікті парақтарға өтпеуге, кірмеуге шақырамыз.

Ойын, ойын-сауық бағытындағы интернет-ресурстарға, танымайтын ресурстарға кірмеуге, «сенсациясы» бар сілтемелер мен баннерлерге өтпеуге кеңес береміз, мұндай жаңалықтар пайдаланушыларды жиі түрлі зиянды бағдарламалармен жұқтыру үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар біржолғы кодтар мен СМС хабарлама келетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият қараңыз. 

Кез келген күдікті хатты белгісіз адресаттан, күтпеген тақырыпта, қандай да бір операцияны Сізге дереу немесе қысқа мерзімде орындау ұсынылатын не Сізді мәжбүрлеуге әрекет жасалатын – зиянды ретінде қарауға кеңес береміз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеруге кеңес береміз. Зиянкестер Сізге танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертіп хат жібере алады.

ЕГЕР СІЗ АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЦИНДЕНТТЕРГЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСЫП, ТЕГІН БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА 1400 НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП, КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ KZ-CERT.KZ РЕСУРСЫНДА