Назар аударыңыз! Алаяқтық ресурс!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі opros-2018.info алаяқтық интернет – ресурсы айқындалғанын ескертеді.

Зиянкестер мобильдік мессенджелер мен электрондық пошта арқылы opros-2018.info интернет-ресурсында пікіртерімге қатысушыға қаражат кейін төленетін сауалнамадан ақшалай сыйақыға өтуге шақыру таратуды жүзеге асырған.

Пікіртерімге қатысу үшін пайдаланушы аты мен тегін көрсетуге тиіс, содан соң кепілді ақша қаражаты кейін төленетін 6 сауал іріктеледі.

Кепілді ақша қаражатын алу үшін пікіртерімге қатысушы 95 рубль немесе 534 теңге мөлшерінде сыйақы төлеуге тиіс. Пікіртерімнің шаттарымен келіскеннен кейін қатысушы төлем картасының деректерін толтыру және төлем жүргізу үшін төлем Яндекс.Деньги онлайн-сервисіне  жіберіледі.

Зиянкестердің  шотына  ақша қаражаты аударылған соң кепілді ақша қаражаты  түспейді.

KZ-CERT ұсыныстары:

Банк клиенттеріне негізгі ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ұсынамыз. Мереке кезеңінде сатып алу көлемі және жарнамалық жіберілімдердің  ұлғаюына байланысты аса қырағылық танытып, күдікті парақтарға кірмеуге және өтпеуге шақырамыз.

Жүргізілетін операциялардың логикасында кез келген өзгеріс айқындалған кезде пайдаланушыларға  банктердің байланыс орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. Сіз интернет-банкинг сайтына кіретін, сондай-ақ Өзіңіздің карталарыңыздың көмегімен төлеуді жүзеге асыратын құрылғыларды  (компьютер, ноутбук, планшет) абайлап және мұқият пайдалануды сұраймыз.

Ойын, көңіл көтеру бағытындағы сайттарға, бейтаныс ресурстарға кірмеуге, «таңғаларлық» оқиғалар берілген сілтемелер мен баннерлер бойынша өтпеуге кеңес береміз – мұндай сайттар және жаңалықтар пайдаланушыларды әртүрлі зиянды БҚ-мен зақымдауға жиі пайдаланылады.

Сондай-ақ, СМС хабарламалар мен  біржолғы кодтар алынатын телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият қараңыз.

Зақымдау әрекеттерін жасау үшін пайдаланушыда күдік тудырмайтын форматтардағы (мәселен,  doc, pdf, xls) файлдар пайдаланылуы  мүмкін. Файлдардың кең таралған форматтарының (соның ішінде – белгілі кеңсе қосымшаларының) басым бөлігін зақымдау үшін пайдалануға болатынын ескеруді сұраймыз.

Кез келген күдікті хатты (белгісіз адресаттан, күтпеген тақырыпта, қандай да бір операцияны Сізге дереу немесе қысқа мерзімде орындау ұсынылатын (не Сізді мәжбүрлеуге әрекет жасалатын) – зиянды ретінде қарауға кеңес береміз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеруге кеңес береміз – зиянкестер мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертіп, Сізге хатты Сіздің танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан жіберуі мүмкін.

ЕГЕР СІЗ АЙЛАКЕРЛЕРДІҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЗАҚСТАН КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІНІҢІЗ ДЕ 1400 АҚЫСЫЗ БІРЫҢҒАЙ ҚЫСҚА НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ. 

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ KZ-CERT.KZ РЕСУРСЫНДА KZ-CERT.KZ