Хакерлердің бұзуынан өзіңізді қалай қорғауға болады?

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 2018 жылдың 1 жартыжылдығында ғана ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) деректері бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласында 900 миллионға жуық оқиға тіркелгенін хабарлайды. Күн сайын көптеген есеп жазбаларды бұзу және дербес деректерді ұрлау оқиғалары тіркеледі. Дегенмен хакерлердің қолынан өзіңізді қалай қорғауға және зиянкестердің құрылғыңызды бұзуына қалай жол бермеуге болады?

Әдетте, ең осал есеп жазбаларының әріптердің немесе сандардың оңай комбинациясынан тұратын қысқа парольдері болады.

Өз аккаунтыңызды қорғау үшін KZ-CERT күрделі парольдерді орнатуды ұсынады.Олар әртүрлі кездейсоқ символдардың, сандардың, бас әріптер мен кіші әріптердің күрделі комбинациясын қамтитын барынша ұзын болуы тиіс. Парольдердің барлық ықтимал комбинацияларын таңдап, аккаунтты бұзуға мүмкіндік беретін технология брутфорс деп аталады.

Туған күні, аты, телефон нөмірі және т. б. сияқты жеке деректерден тұратын парольдерді орнатпаңыз. Арнайы бағдарламалар минутына 350 млрд жуық нұсқасын тере алады. Сондай-ақ KZ-CERT қызметі бір аккаунтқа бір бірегей парольді пайдалануды ұсынады. Егер сіз барлық есеп жазбаларында бір парольді пайдаланатын болсаңыз, онда зиянкестер олардың барлығын оңай бұзуы мүмкін. Сондықтан бір есеп жазбасына кіру үшін бір парольді пайдаланғаныңыз маңызды.

Қорытынды жасаймыз: күрделі комбинациясы бар ұзындығы едәуір және күрделі парольдерді орнату және бір есеп жазбасына бір бірегей парольді пайдалану қажет. Тек осылай ғана сіз хакерлердің бұзуынан өз аккаунттарыңызды барынша тиімді қорғай аласыз.