Алматыда "KazHackStan" екінші конференциясы өтті

5 қазанда Алматы қаласында ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті проблемаларына арналған "KazHackStan" екінші практикалық конференциясы болып өтті.

Конференцияны ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның қолдауымен Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы ұйымдастырып отыр.

Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және таяу шет елдерден 1000-нан астам адам, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары, IT-әзірлеушілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ, бизнесмендер мен вендорлар қатысты.

Конференция форматы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандардың практикалық баяндамаларына (28 баяндама ұсынылды), сондай-ақ барынша шынайы жағдайға жақындатылған инфрақұрылым модельдері мен оларға жасалатын шабуылдарды зерттеп-қарауға мүмкіндік беретін түрлі бағыттар бойынша стендтармен жұмыс жасауға негізделген.

Аталған іс-шара аясында «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мамандары «Жалған және шынайы қауіп-қатерлер», «Қазақстандағы вирустер. Нақты топтамаларға шолу» атты баяндама жасады.

Сондай-ақ іс-шара бағдарламасы ақпараттық қауіпсіздіктің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың өзекті мәселелерін қамтыды, мемлекеттік саясат пен нормативтік-құқықтық аспектілер мәселелері бойынша талқылаулар жүргізілді.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылардың практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Киберполигон базасында сайыстарға қатысу мүмкіндігі берілді.