Баспасөз-релизі: "KazHackStan" жыл сайынғы конференциясы

2018 жылдың 5 қазанында Алматы қаласында "KazHackStan" жыл сайынғы практикалық конференциясы өтеді.

Ұйымдастырушылар: «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның қолдауымен.

Конференция ақпараттық қауіпсіздіктің (АҚ) өзекті проблемаларына арналып, «Цифрлық Қазақстан» және «Қазақстанның киберқалқаны» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

Конференция ақпараттық қауіпсіздік мамандарының жетіспеушілігі проблемаларын шешу мәселелері бойынша қатысушыларды үздік әлемдік тәжірибелерге, білікті кадрларды дайындауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жалпылай оқыту жолымен IT саласының озық сарапшы-практиктарының пікір алмасуына арналған өзіндік алаң болып табылады.

Конференцияға: Cisco (АҚШ), Microsoft (АҚШ), Positive Tehnologies (Ресей), Mail.ru (Ресей), Yandex (Ресей), Avalanche (Ресей), Deteact (Ресей), MER Group (Израиль), PUSHRET (Чехия-Украина), PACIFICA (Қазақстан) компанияларының, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «ҰАТ» АҚ-ның сарапшылары қатысады.

Өткен жылы осы іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және таяу шет елдерден 2000-ға тарта адам, оның ішінде IT-әзірлеушілер, АҚ зерттеушілері, вендорлар, мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Ұйымдастырушылар аталған іс-шараның бүкіл саланың дамуына қосымша серпін беретініне, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәжірибелі мамандарды тартуға және жетекші әлемдік сарапшылармен диалог орнатуға мүмкіндік береріне сенімді.

Конференцияның www.KazHackStan.kz ресми сайтында аталған іс-шараға қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу басталды.